jasqazaq.kz

Кафеде жаппай төбелес болды

13 сәуiр 2019, 17:32

Қарағандыда жергілікті кафелердің бірінде жаппай төбелес болды. Салдарынан бір қыз бен ер адам зардап шекті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, жаппай төбелес Қарағандыдағы Кривогуз көшесінде орналасқан кафеде болған. Желіде осы оқиғаның видеосы жарияланды. Мұнда оқиға орнына келген полиция қызметкерлері көрсетілген. Сонымен қатар бір қыздың қайтыс болғаны туралы ақпарат айтылды.

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жаппай төбелестің болғанын растады. Ал зардап шеккен қыздың қаза тапқаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды. «Кафеге келген төрт жігіт арасында төбелес шыққан. 1992 жылы туған қыз сондағы жігіттердің бірімен келген. Төбелес кезінде бір жігіттің шынтағы қызға тиіп кеткен. Ол ауыр жарақат алған жоқ. Төбелеске қатысқандар анықталды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді департаменттің баспасөз қызметі. Қазір полиция қызметкерлері жанжалдың неден шыққанын анықтап жатыр. Төбелеске қатысқан жігіттердің бірі зардап шеккені белгілі болды. Ол ауруханаға өзі барған.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда