jasqazaq.kz

Кабулде сегіз жетім бала аштықтан қаза болды

25 қазан 2021, 17:22

Ауғанстандағы этникалық хазарлардың саяси көшбасшысы және парламенттің бұрынғы мүшесі Мұхаммед Мохакик Кабулдің батыс бөлігінде сегіз жетім баланың аштықтан қаза тапқаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz.

Мохакиктің деректеріне сәйкес, балалардың денесі Кабулдің 13-аймағындағы аудандардың бірінде бірнеше апта бұрын табылған. Оларды жергілікті молда мен аймақ тұрғындары жерлеген.

Молда Мұхаммед Али Бамиани балалардың өлімі жайлы айтып берді. Олардың ең үлкені сегізде, ең кішкентайы бір жарым жаста болған екен.

«Олардың ешкімі қалмады. Ата-аналары мен жақын туыстары да қаза тапқан», — деді Бамиани.

Бамиани балалардың денесі табылған үйде болғанын айтады. Жетімдердің арықтағаны сонша, өз бетінше қимылдай алмай қалған дейді ол.

«Талибан» (Қазақстанда террористік ұйым ретінде тыйым салынған) қозғалысы басқарып отырған ауған билігі балалар өлімі жайлы ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Ауғанстанға жақын арада гуманитарлық көмек көрсетілмесе, елде аштық болып, дағдарысқа ұшырауы мүмкін деп ескерткен болатын.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді