jasqazaq.kz

Кабулда ұшып бара жатқан ұшақтан адамдар құлады (Видео)

17 тамыз 2021, 11:03

`

Әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында әуедегі ұшақтан құлаған адамдардың видеосы тарап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, видео Кабулда түсірілген, — деп хабарлайды РИА Новости.

Видеодан ұшақтан адамдар қалай құлап жатқанын көруге болады. Жергілікті БАҚ бұл Кабулдан кеткісі келетін адамдар болуы мүмкін деп болжайды.

«Видео әлеуметтік желілерде тарала бастады. Онда екі адам ұшақта жасырынып, ұшып шыққаннан кейін бірнеше минуттан соң жерге құлағаны түсірілген», — деп жазады жергілікті Shamshad News телеарнасы видео жариялап.

Бұған дейін Қауіпсіздік Күштеріндегі дереккөз РИА Новостиге АҚШ әскери күштері Кабул әуежайында ауғандарға оқ жаудырғаннан кейін бірнеше адам қаза болғанын жеткізген. Өз кезегінде Франс Пресс агенттігі куәгерге сілтеме жасай отырып, АҚШ әскери күштері Ауғанстан астанасының әуежайында көп адам ұшу-қону жолағына шыққан кезде ескерту үшін оқ жаудырғанын хабарлады.

Tengrinews.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия