jasqazaq.kz

Кабинеттің төбесіндегі сылақ пен жарық беретін шам жерге түскен

07 қазан 2019, 16:12


Елордадалық мектептің төбесінен сылақ түсіп, бір оқушы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық білім басқармасына сілтеме жасап.

Оқиға бірінші ауысымда №71 мектеп-лицейде болған. «№71 мектеп-лицейдің үшінші қабатындағы кабинеттің төбесіндегі сылақ пен жарық беретін шам жерге түскен. Салдарынан бір оқушы зардап шекті. Оған №2 қалалық ауруханада тексеру жүргізілді және үйіне қайтарылды. Одан басқа ешкім жапа шеккен жоқ», — делінген басқарманың ресми мәлімдемесінде. Қазір қалалық білім басқармасы төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, кабинетті тексеріп жатыр. «Оқиғаның себебі тексеруден кейін жарияланады. Мектептің барлық кабинеттеріне техникалық тексеру жүргізіледі. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін барлық білім нысандары тексеріледі», — деп хабарлады қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда