jasqazaq.kz

Көші-қон заңнамасын бұзған 5 мыңға жуық шетелдік жауапқа тартылды

10 маусым 2017, 13:32

Батыс Қазақстан облысы аумағында 2015-2016 жылдары және биылғы жыл басынан бері 211 шетелдік азамат қылмыстық құқықбұзушылыққа барған. Сондай-ақ осы кезеңде көші-қон заңнамасын бұзған 4 760 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы БҚО прокуратурасында өткен заңдылықты, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмыспен күрес жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, отырыста 2015-2017 жылдары заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі мен заңдылығы, оған қоса халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі кезінде өңірдегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Облыс прокуроры Сапарбек Нұрпейісов бұл мәселелердің маңыздылығына тоқталып, барлық құқық қорғау органдарының бірлесіп жұмыс жасауының қажеттілігін жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс прокуратурасы 1-басқармасы бастығының міндетін атқарушы Талғат Идрисов, БҚО ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Талғат Ахаев баяндама жасады.

Отырыста мемлекеттік шекарадан заңсыз өткендерді қылмыстық жауапкершілікке тартпау, құқықбұзушылықты дұрыс сараламау, сондай қадамға барған шетел азаматын ел аумағынан шығару бойынша уақтылы шара қабылдамау секілді бірқатар заңбұзушылықтардың бар екендігі мәлім етілді. Бұған ішкі істер органдары мен шекара қызметі қызметкерлерінің өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармауы, басқа ведомстволармен өзара нақты іс-қимылдың жоқтығы себеп болып отыр.

Айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл және ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде өңірде қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары мақұлданып, бекітілді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде