jasqazaq.kz

Көпқабатты пәтерде газ жарылысынан екі адамды күйік шалды

12 шiлде 2017, 11:08

Алматыда көпқабатты пәтерде газ қоспасы жарылып, 80 жастағы әйел адамның денесін күйік шалды.

Қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлағандай, жарылыс таңғы 8:00-де Бостандық ауданындағы Орбита-4 шағын ауданы №11 бес қабатты үйде болған. Қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, төртінші қабаттағы пәтерде газ ауа қоспасы жарылып, 80 жастағы әйелді күйік шалды. Қазір әйел ауыр жағдайда Орталық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Сондай-ақ, төтенше жағдайдан 45 жастағы ер адам жапа шекті. Ол №4 ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, жарылыс салдарынан пәтердің есіктері мен терезелері сынып, жиһаздар бүлінді.

ҚазАқпарат

Бүгін, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
Бүгін, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
Бүгін, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі