jasqazaq.kz

Көкшетауда 21 келіден астам есірткі көпшілік алдында өртелді

11 қыркүйек 2017, 20:18

Көкшетау қаласының іргесінде биыл тәркіленген ірі көлемдегі 21 келіден астам есірткі заты «гашиш» көпшілік алдында өртелді.

Ақмола облыстық ҰҚК департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз саудада жүрген 60 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген. Ұсталған адамдардың қылмысы дәлелденіп, ұзақ жылға абақтыға қамалды. Мәселен, маусым айында облыс аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында ірі көлемдегі есірткі саудасымен тұрақты түрде айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер есірткінің «гашиш» түрін еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астана қаласы мен Ақмола облысына саудалау мақсатында жеткізгені анықталды. Олардан 21 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Күдіктілердің барлығының қылмысқа қатысы бары әшкерленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

ҚазАқпарат

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде