jasqazaq.kz

Көкшетауда 12 жасар қызды зорлады деп күдіктелген ер адам қамауға алынды

22 тамыз 2017, 16:25

Ақмола облысында полицейлер кәмелетке толмаған қызды зорлады деп күдіктелген жігітті қамауға алды. 

Бұл туралы NUR.KZ өңірдің ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Күдіктіні анықтап, құрықтау мақсатында арнайы іздеу тобы құрылып, ІІД бұл істі өз бақылауына алды.

«Бармашино» ықшамауданында тінту жүргізіліп, жергілікті тұрғындар мен кеңсе қызметкерлері сұраққа алынды. Нәтижесінде қылмыс болған күні күдікті адамды байқап қалған куәгерлер табылған. Олар ер адам өзімен бірге жол сөмкесін арқалап жүргенін есіне алды. Полицейлер күдікті өзге өңірден келген болуы мүмкін деп болжаған.

Барлық бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шыққан тәртіп сақшылары 21 тамыз күні кәмелетке толмаған қызды зорлау фактісі бойынша Бурабай ауданының 24 жастағы тұрғынын құрықтады.

Күдікті облыстық орталыққа жұмысқа тұру үшін келгені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындап отыр.

Еске салсақ, төртінші тамыз күні Көкшетау ІІБ-не 2005 жылғы қыздың зорланғаны туралы шағым келіп түскен болатын. Бұған дейін қыз бала он жаста екені хабарланған.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде