jasqazaq.kz

Көкпаршылар көлікті соғып кетті (видео)

31 шiлде 2017, 11:30

Алматылық Анастасия Кулакова әлеуметтік желідегі парақшасында жол үстінде көкпар тартқандардың бірінің көлігін зақымдағанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жылқының тұяғы көліктің капоты мен алдыңғы әйнегін, бамперін сындырып жіберген.

«29 шілде күні 19:45 шамасында Қарғалы елді мекенінің ішімен келе жатқам. Жол үстінде көкпар тартқан бірнеше атты кездесті. Көлікті тоқтатуға мәжбүр болдым. Сол кезде көкпаршылардың бірінің атының аяғы көлігіме тиіп, капот, бампер, алдыңғы әйнек сынды», — деді Анастасия Кулакова. Бойжеткен жылқының екпінінен шошып қалғанын жасырмады. Оқыс оқиғадан соң бойжеткен жол полициясын шақырған. Райымбек ауылында орналасқан тірек пунктінде құжат толтырғанша бірнеше сағат өткен. Жүргізуші әйел келтірілген шығынды кімнен дауларын білмей дал. Анастасия Кулакова өз кезегінде көкпар ойынына құрметпен қарайтынын айтты. «Мен Қазақстанда тудым. Мен ұлттық дәстүрлерге, ойындарға құрметпен қараймын. Орта Азия көшпенділерінде Шыңғысхан заманынан көкпар ойыны бар. Өзім де бірнеше рет тамашалағам. Бұл ойын адамдардан ептілікті, жылқысын басқару шеберлігін талап етеді. Көбіне тойда, бәс тігу арқылы өтеді. Бірақ мұндай ойындар жол үстінде емес, кең, әрі арнайы қоршалған аумақта өтпеуші ме еді?», — деді желі қолданушысы.

 

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде