jasqazaq.kz

Күйеуінің туыстарын у беріп өлтірген келін елді шошытты

25 маусым 2017, 17:39

Тәжікстанда күйеуінің бірнеше туысына уланған нан беріп, қырып салған 37 жастағы әйел ұсталды. Күйеуі мен қайын жұртын тұрмысқа шыға сала жек көріп кеткен әйел оларды оларды мақсатты түрде өлтірмек болған деп хабарлайды «Новости Кыргыстана» басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

Тәжікстанда екі адамды өлтірді деген күдікпен Хатлон облысының тұрғыны ұсталды. Оған күйеуінің туыстарын улап өлтірді деген айып тағылды.

37 жастағы әйел тұрмысқа шыға сала өзінің 43 жастағы күйеуі мен оның туыстарын жек көре бастаған.

Тәжікстан ІІД деректері бойынша, ол курутоб деп аталатын тағам әзірлеу кезінде ішіне жәндіктерге арналған у қосып, оны күйеуінің туыстарына ұсынғн. Нәтижесінде 39 жастағы ер адам, оның 34 жастағы жары және кішкентай балалары ауруханадан бір-ақ шыққан. Бас-аяғы бұл нанды жеген 8 адам уланып, ауруханаға түскен. 39 жастағы отағасы ауруанада көз жұмған.

Бірақ қылмысын елден жасырған әйел бұл әрекетін тағы қайталайды. Ол уланған нанын сол жылы туыстарына тағы берген. Нәтижесінде сол әулеттің 4 жасар қызы көз жұмған. Осылайша, тағы жеті адам ауруханаға түскен.

Кейіннен тергеушілер бұл істің бетін ашып, 37 жастағы әйелді «Кісі өлтіру» бабы бойынша қамауға алған.

Бүгін, 13:36
Цифрлық экономика бүкілхалықтық сипат алады
Бүгін, 13:06
Асхат Ескендіров: Азаматтардың 79,9 пайызы сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлауға дайын
26 қараша, 14:05
Мұхит Асанбаев: Қазақстанның жаһандық бастамалары әлемдегі қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыруға қызмет етеді
26 қараша, 13:54
Думан Қаптағаев: Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында 254 аумақ тазартылды
26 қараша, 12:28
Көкжиегі кеңейе түскен «eGov» пен «Aitu»
25 қараша, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
25 қараша, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу