Сенбі күні алматылық қалам мен микрофонды серік еткен бір топ БАҚ өкілдері әлемдегі ең ірі JCB құрылыс техникасын өндірушілердің эксклюзивті дилері — Orbis Auto автомобиль тобының бөлігі болып табылатын Autodom Machinery компаниясы Қазақстанда өз инвестициялары есебінен салынған алғашқы JCB орталығының ашылу салтанатын тамашалады.
Autodom Machinery компаниясы еліміз бойынша алты сервистік орталыққа ие, ал саны бойынша жетінші болған жаңа орталық ең ауқымды әрі технологиялық орталық болып табылады. Орталық мамандары журналистерге дилерлік орталықты таныстырды. Дилерлік орталық 3S санатынан тұрады. Бірінші – техника сату (sale), екінші сервис (service), үшінші қосалқы бөлшектер қоймасы. Ауданы 1000 шаршы метр орталық , үш сервистік постпен жабдықталған сонымен қатар JCB өнімінің барлық желісіне толық диагностика және жөндеу жүргізуге арналған заманауи жабдықтармен қамтылған.

Компанияның тарихы сонау 1945 жылдан бастау алады. Британдық JCB бренді бүгінгі таңда өз саласының халықаралық көшбасшысына айналды, оның техникасын көптеген елдерде жоғары беріктілігі пен өнімділігі, төмен деңгейлі шуы мен экологиялық тазалығы үшін бағалайды. Компания әлемдік нарықтың 49%-ын қамтиды және әлемдегі әрбір екінші экскаватор-тиегіш осы JCB компаниясымен сатылады. Қазақстанның орасан зор алаңы мен өңірге байланысты өзгеретін ерекше табиғат жағдайларына қарай JCB машиналарын оңтүстік ендіктен солтүстік ендікке дейінгі барлық климаттық аймақтарда жұмыс істеу қабілеттілігі үшін ерекше бағалайды.
Ең алдымен дилерлік орталықтың басшылары компанияны көпшілікке таныстырып, шет елдік қонақтар мен отандық басқарма басшылары бір-бірімен сыйлық алмасты. Салтанатты рәсімде компания басшылары дилерлік орталықтың лентасын қиды.
Салтанатты шараның қонағы Англиялық JCB Sales атқарушы директоры Том Корнел :»Мен компаниямыздың Қазақстандағы жаңа әрі ең үлкен дилерлік орталықтың ашылуын қолдаймын. Өткен жылы JCB-мен бренд техникасының 100 000 аса бірлігі сатылды және де сату көлемін ұлғайтуды жалғастырудамыз. Қазақстандағы мақсатымыз – келесі жылы нарықтың 20%-дан астам үлесін қамту, сондай-ақ жылдан жылға бұл үлесті ұлғайту болып табылады. Бұл мақсатқа қол жеткіземіз деп ойлаймын, себебі Қазақстан белсенді даму жолында, урбандалу процесі, мегаполистер мен өзге елді мекендерді салу процесі қарқынды жүріп жатыр, ал JCB техникасы құрылыс және экономиканың әр түрлі салаларында кеңінен қолданылады», — деді.

Orbis Auto автомобиль тобы жаңа дилерлік орталық құрылысына 1,5 миллион доллардан астам инвестиция салды. Орталықтың ашылуы 30-дан астам маманды жұмыс орнымен қамтыды. Персоналдың барлығы – арнайы техника сатушылары да, техникалық персонал да – компанияда тұрақты болып табылатын және ішкі оқуды қамтитын алдын ала тренингтер мен Ұлыбританиядан келген зауыт өкілдерінің қатысуымен жүргізілетін халықаралық тренингтерден өтті.
— Orbis Auto барлық Қазақстан бойынша JCB техникасын сату және оған сервистік қызмет көрсету бойынша бағытты белсенді түрде дамытуда. Әсіресе бұл техника Қазақстанның Батысындағы мұнай-газ секторында жақсы берілген, сондай-ақ ол елдегі барлық құрылыста, сонымен қатар көшені жинау, қардан тазалау сияқты муниципалдық жобаларда қолданылады. Дәл осы британдық өндіруші Алматыдағы алғашқы заманауи Қоқысты сұрыптау кешенін жабдықтауға қатысқан. Бүгінгі таңда біз болашаққа сенімді қарап, құрылыс жабдықтарының әлемдік жетекші өндірушілерінің өніміне деген сұранысы мен біздің мінсіз сатудан кейінгі қызмет көрсетуіміз Қазақстанда бұдан әрі өркендей береді деп есептейміз. Нұр-Сұлтан, Шымкент және Атырау қалаларында JCB 3S дилерлік орталықтарын салу Компанияның жоспарында бар. JCB техникасы серіктестеріміз бен клиенттеріміз үшін одан әрі қолжетімді болу үшін тамыз айында біздің техниканы қаржыландырудың арнайы бағдарламасын іске қостық, — деп Orbis Auto Бас директоры Динара Искакова айтты.

Алматыдағы JCB 3S дилерлік орталығының ашылуына келген қонақтарға түрлі викториналық ойындармен, лоторея ұйымдастырылып, арнайы концерттік бағдарлама келушілерді әсерлі әнге бөледі. Ойынға қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар қонақтар мото шоу мен билейтін эксковаторлардың шоуын тамашалап, ерекше әсер алды.
Мақпал Ноғайбаева
фото Ғалия Қалиева