jasqazaq.kz

«Jas Samuryq» — жаңашыл үлгісі

26 қараша 2019, 21:46

«Жас келсе іске…» жаңа энергия, жаңа ой, жаңа идеялар бірге келеді. Бүгінгі «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің жастар слетінің тақырыбының арқауы да сол. «Өзімді дамытамын-елімді дамытамын» деп аталатын биылғы слет жанам дейтін жастарға от, шабам дейтін жастарға ат берді. Заңы бөлек, заты жан қызықтыратын ұлттық компаниялар жастарының басқосуы да заманауи болды.
«Jas Samuryq» жастар слетіне еліміздің барлық аймақтарынан 300-ден астам жас маман келді. Бұл жоба Жастар жылы аясында бастау алып, 90 мыңнан астам жас мамандарды біріктірді. Дәл осы атаумен ел елде, жер жерде жыл бойы 360-қа жуық іс-шаралар өткізілген болатын. Ол жас мамандарды әр бағыттарда дамытуға бағытталған. Мысалы, өндіріс мамандарын қолдау үшін, арнайы рекреациялық бағдарлама ұйымдастырылған, 2500 жас маман сауығып қана қоймай, ағылшын тілін үйренуге мүмкіндік алды. Өндіріс мамандықтарын насихаттау аясында «Үздік маман» конкурсы өткізілді. ІТ саласы бойынша тың идеяларды тарту үшін «Цифрлық жаз» бағдарламасы іске қосылып оның аясында қазақстандық жоғарғы оқу орындарының 74 түлегі тағылымдамадан өтті. «Жас өркен» атты тәлімгерлік жобасы қордың қоржындық компанияларына 16 болашақ басқарушыларды жұмысқа тұрғызуға мүмкіндік берді. Спорт саласында «Самұрық-Қазына» спартакиадасы аясында өздерінің күш-жігерін 1500 адам көрсете алды. Жыл бойы өңірлерде Донор күні, сенбілік, қарттар үйіне көмек секілді іс-шаралар қолға алынып, жасыл челлендж аясында 10 мыңға жуық көшет отырғызылған.
Бүгін Елордамызда өткен слет Жастар жылын қорытындылап, жыл бойы осы іс-шараларға араласқан жас белсенділердің кездесуіне мүмкіндік берді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген жастар «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «СамұрыкЭнерго» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Таукен-Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС және тағы да басқа компаниялардың мамандары алдында қор компанияларының топ-менеджерлері, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жастар және отбасы істері жөніндегі комитетінің, еріктілер ұйымдарының өкілдері, спортшылар және қоғам қайраткерлері сөз сөйледі. Мотивациялық лекциялар оқылып, залда отырған жас мамандар арасында ойын ойнатып, жеңімпаздарға сол бағыттағы құнды кітаптарды ақжарма тілектерімен сыйға тартты. Ел аймақтарынан келген арнайы қонақтар үшін дәстүрлі PRIME GAMES интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Ақылына білімі сай, жаңашылдыққа жаны жақын жастар бір-бірімен танысып, табысып, тәжірибе алмасқан слет естеліктері жыл бойы ұмытылмас. Жастықтың оты жалындаған бозбалалар мен бойжеткендердің болашағы да зор.

Айдана СЕГІЗБАЕВА

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда