jasqazaq.kz

JAS QAZAQ марапатталды

15 қазан 2019, 20:26

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ зиялы қауым өкілімен кездесті. Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушы, журналист, ғалым және қоғам қайраткерлеріне Мемлекет басшысының алғыс хатын тапсырды. Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Смағұл Елубаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Телхожа Жанұзақов, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, жазушы-публицист Жұмаш Кенебай, сонымен бірге газетіміздің бас редакторы Срайыл Смайыл да бар. Кездесу барысында жиналғандар мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселелерін талқылап өзара пікір алмасты. Сонымен қатар қала мектептерінің кітапханаларын қазақ жазушыларының кітаптарымен толтыру және интернет базасын қазақ тілді контентпен толықтыру ұсынылды.

Ал «Жас қазақ» газеті ұжымына берген Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың алғыс хатында: «Тіл туралы» Заңның қабылданғанына отыз жыл толуына орай, мемлекеттік тілдің мерейін асырып, абыройын арттырып, қолдану аясын кеңейткені үшін «Жас қазақ» газеті ұжымы марапатталады» — деп жазылған. Марапат құтты болсын, құрметті әріптестер!

 

02 қыркүйек, 14:04
Мұхит Кемелов: Цифрландыру – әр тұрғынның жайлылығы үшін жасалатын қадам
01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді