jasqazaq.kz

Jas Qazaq газетінің суретшісі карикатура байқауында бас жүлде алды

29 маусым 2018, 16:58

Бүгін елордада «Егемен Қазақстан» газеті жариялаған карикатура байқауының жеңімпаздарын марапаттау өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Астана айшықтары» тақырыбымен карикатура конкурсын өткізген едік.

Шынын айту керек, біз бұған көп ойландық. Себебі, карикатураға байланысты елімізде ірі конкурстар 20 жылдан аса уақыт бойы өтпеген екен. Ең соңғы рет 1994 жылы өтіпті. «Нұр Отан» партиясы өткізетін жемқорлыққа байланысты және басқа да шағын конкурстар бар. Бізде карикатураның жақсы мектебі бар. Сол мектептің өкілдері халықаралық үлкен конкурстардан жүлде алып жүр. Сондықтан біз осы игі дәстүрді қайта жаңғыртсақ деп ойладық», — деді жеңімпаздарды марапаттауға арналған шарада «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.

Газет басшысының айтуынша, карикатураны сын деп қабылдайтындар да бар. Солардың тарапынан Астананың 20 жылдық мерекесі қарсаңында сынағанымыз қалай болар екен деушілер де табылған.

«Бірақ, біз оған батыл бардық. Себебі карикатура тек қана бір жақты сын емес. Ол үлкен өнер, астарлы сөз, тапқыр шешім, ұтымды ой, сарапта мен сынның тоғысы. Кейде карикатураның үлкен мақаланың, кітаптың жүгін арқалап тұратын тұстары болады. Үлкен өркениетті елдерде қазір баспасөз карикатурасыз шықпайды. Бұл — баспасөздің үлкен бір бөлшегі, ірі саласы. Сондықта бұл саланы да жандандырғымыз келеді», — деді Дархан Қыдырәлі. Оның дерегінше, конкурсқа еліміздің түпкір-түпкірінен 20-дан астам үміткерден 30-дан аса жұмыс келіп түскен. Ал комиссия шешімімен бірінші орын алматылық Ғалым Смағұлұлына берілген. Өскемендік Берік Қайнарұлы — екінші, ал ақтөбелік Қайрат Балтабайұлы үшінші орын алды. Сонымен қатар тараздық Альмира Омарова ынталандыру сыйлығы берілді.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді