
Ресейде танылған қазақстандық рэп орындаушы Бахтияр Мамедов (Jah Khalib) Шымкент қаласы мен шымкенттіктер туралы пікір білдірді.
Бұл туралы ол YouTube хостингіндегі парақшасында жүктеген видеосында айтты. «Қазақтар — жауынгер халық. Ертеде, өткен заманда, бұл көшпенді халық, көшіп жүрді. Барлық жағдайға бейімделгіш. Өзбек тақырыбы кәсіпкерлік туралы ой қалыптастырады. Біздің елде көпшілігі шымкенттіктерді ұната бермейді. Себебі бұл жігіттер өзгеге қарағанда белсенді, кәсіпкерлікке жақын, пысық. Олар бүкіл Қазақстанда», — дейді ол.
https://youtu.be/5mCyc_9cJ0I
Сосын ол Хазар есімді марқұм досы жайлы әңгімеледі. «Мықты жігіт. Бірінші әндерімізді айтып жүргенде студияда таныстық. Аты дүркіреп тұрған кезі еді. Бәріміз үшін ақсақал секілді еді. Өмірімде талай жөн сілтеді. Бірінші рет Шымкентке концерт қоюға келгенімізде мені күтіп алған еді. Шымкентті осы Хазармен байланыстырамын. Себебі ол осы қаланың қонақжайлығын көрсетті. Сол халықтың қонақжайлығы дер едім. Себебі мен үшін шымкенттіктер бөлек бір халық. Соншалықты дана, күшті халық», — деп сипаттайды ол Шымкент қаласын. Әңгіме арасында ол сұхбаттасушысына өзбек қызын емес, Шымкенттен қыз алуға кеңес береді.