jasqazaq.kz

Израильде болған қайғылы оқиғадан 44 адам қаза болды (ВИДЕО)

30 сәуiр 2021, 15:54

Израильде өткен діни мерекеге жиналған адамдар трибунадан шығатын бөлігінде кептеліп қалды. Оқиға орнында 44 қаза болды, деп хабарлады NEWSru.co.il сайты.

Израильде жыл сайын Лаг ба-Омер діни мерекесі аталып өтеді. Оған 100-300 мың адам жиналады. Осы жолы да Мерон тауына мыңдаған адам келді. Халық трибунадан түсіп, тар дәлізбен шығып бара жатқанда сығылысып қалды.

​Walla порталының тілшісі Яки Адамкердің айтуынша, трагедия тар дәлізде болған. Оған кіретін жер ашық болыпты. Ал шығаберісін белгісіз себептерге байланысты полиция жауып тастаған.

«Бір уақытта адамдар бірінің үстіне бірі құлай бастады. Содан кептеліс пайда болды. Соның салдарынан жүздеген адам зардап шекті», — деп жазды Адамкер өзінің Twitter парақшасында.

Жедел жәрдем қызметінің бас директоры Эли Бин трагедия кезінде кем дегенде 44 адамның қаза болғанын хабарлады. Бұдан бөлек, 150 адам жарақат алды. Олардың ішінде алтауының жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендердің ішінде балалар да аз емес.

Түнгі сағат 3-те зардап шеккендерді эвакуациялау шаралары басталды. Сол кезде қайтыс болғандардың мәйіттері шығарылды.

Дереккөзі: sputnik.kz

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия