jasqazaq.kz

Израиль шет елдегі елшіліктерін жапты

31 қазан 2019, 11:33

Израиль өзінің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұл туралы елдің сыртқы істер министрлігі хабарлады.

«Израиль қаржы министрлігінің 2019 жылдың 21 шілдесінде Қаржы министрлігінің бас директоры қол қойған келісімдерді бұзу және Израиль мемлекетінің шетелдердегі өкілдеріне бұрыннан қалыптасқан тәртіпті өзгертетін процедураны біржақты қолдану туралы шешіміне байланысты Израильдің шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерін жабуға мәжбүрміз», — деп хабарлады Израиль сыртқы істер министрлігі.

Мемлекет елшіліктерде және консулдықтарда азаматтарға қызмет көрсетуді тоқтата тұратыны аталып өткен.

«Біз Израиль мемлекетінің халықаралық мәртебесі мен күшін нығайту үшін тұрақты және күнделікті жұмыс істеп жатырмыз. Өкінішке қарай, қаржы министрлігі бізге басқа таңдау қалдырмады, өйткені оның әрекеті бұл жұмыстың табысты болуына қажетті құралдарға нұқсан келтіреді», — деп жазылған ресми түсініктемеде.

Израиль сыртқы істер министрлігі мәселе жақын арада шешіледі деп үміттенеді.

«Бұл Израиль елшіліктерінің жаһандық ереуілі. Қазір олар жұмыс істемей тұр. Израильдің ішкі саясаты осындай. Елшіліктер азаматтарды қабылдамайды, төтенше жағдайлар болып қалмаса», — деп мәлімдеді еврей орталықтарының бірінің өкілі.

«Сохнут» дүниежүзілік еврей агенттігі жағдайдан хабардар, бірақ түсінік беруден бас тартты.

«Біз штаттық режимде жұмыс істеп жатырмыз, ал елшілікке қатысты айтсақ, бұл олардың шешімі, талқыланбайды», — деп түсіндірді ұйым.

Ақпарат көзі: sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда