jasqazaq.kz

Израиль коронавирусты жеңе бастады

16 ақпан 2021, 10:52

Израиль вакцинаның арқасында алдағы айларда коронавирус індетін жеңіп шығатына сенімді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елде вакцинаның екі дозасын халықтың 30 проценті алып үлгерген. Нәтижесінде Үкімет карантин шектеулерін біртіндеп алуға көшті. Израиль билігі індетпен күресте жеткен жетістіктерін мақтаныш сезіммен айта бастады. Себебі елде вирусты жұқтырғандар саны төмендеп келеді. Әсіресе вакцинаның 2 дозасын алғандар арасында дертке шалдыққандар тіркелмеген. Әрі олар жасы 60-тан асқан қарттар және індет жұқтыру қауіпі жоғары топтарға жататын азаматтар.

Юлий Эдельштейн, Израиль денсаулық сақтау министрі:

– Өз басым барлық халықты екпе салдыруға шақырамын. Оның пайдалы екенін қалай айтып жеткізуге болады. Мысалы, біз індеттің таралуының төмендеуіне қол жеткізіп, дағдарыстан шыға бастадық. Демек эпидемияны толық жеңу біздің вакцина салдырумызға байланысты.

Бәлкім толық жеңіс деуге әлі ерте шығар, дегенмен індетті толық тоқтатуға деген сенім артты. Елде өлім-жітім азайды. Вацинаны бірінші болып салдырған дәріргерлер арасында вирусты жұқтыру тоқтады. Екпені жасы 16-дан асқан кез келген азаматтың ала алуы үшін барлық шектеу алынып тасталды. Вакцинаның пайдасы жайлы түсіндіру жұмыстары жан-жақты жүргізілді. Израиль екпе арқасында карантин шектеулерін де біртіндеп ала бастады. Адамдардың жүріп-тұруына салынған тыйымдар жойылып, қонаққа баруына рұқсат етілді. Бала бақшалар мен бастауыш сыныптар ашылды. Кей өнеркәсіптер жұмысын қайта жалғастыра бастады. Әскери барлау сарапшылары егер қазіргідей үрдіс сақталса, көктем ортасына қарай Израиль эпидемияны жеңген бірінші мемлекет болады деп отыр.

 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия