jasqazaq.kz

Іздеуде жүрген қылмыскер Ташкентте ұсталды

20 желтоқсан 2017, 21:09

Қазақстанда іздеуде жүрген қылмыстық топтың мүшесі Ташкентте қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ташкент қалалық Ішкі істер бас басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2017 жылдың желтоқсан айында Ішкі істер бас басқармасына шетелде іздеуде жүрген тұлғаның Ташкент қаласының аймағында жүргендігі туралы шұғыл ақпарат келіп түсті. Якассарай ауданының Фархадская көшесінде жүргізілген арнайы шара барысында өзін Қазақстан Республикасының азаматы Байтасов Айдын Тәңірбергенұлы деп таныстырған азамат анықталып, тұтқындалды. Алайда тексеру жұмыстары барысында оның 1094 жылы туған, Молдахметов Бейбіт Кенжетайұлы екендігі белгілі болды. Сондай-ақ оның қылмыстық әлемде «Бебет» деген лақап атпен белгілі бұрын бірнеше рет сотталған, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі екендігі және Қазақстанда ҚК 296 бабы, 4 бөлігі бойынша (ірі көлемде есірткі және жүйкеге әсер ететін, сондай-ақ оған ұқсас заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, саудалау мақсатынсыз тасымалдау) ресми түрде іздеуде жүргендігі анықталды»,-дер хабарлады Ташкенттің Ішкі істер бас басқармасы.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде