jasqazaq.kz

Іздеуде жүрген 12 қылмыскер ұсталды

14 желтоқсан 2020, 16:56

Желтоқсанның 11-13 күндері елорда аумағында криминогендік ахуалды тұрақтандыруға бағытталған жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, осы күндері 82 қылмыс тіркеліп, оның 66-сы әшкереленді. Сонымен қатар бұрын жасалған 36 қылмыс ашылып, іздеуде жүрген 12 қылмыскер мен заңсыз жүрген 37 адам ұсталды. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтаған немесе алып жүрген 23 адам қолға түсті. «Байқоңыр» аудандық полициясы жедел іздестіру іс-шарасы барысында алаяқтық жасау күдігіне ілінген 21 жастағы қызды ұстады. Ол сауда үйіндегі шағын дүкенде кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімнің құны 120 мың теңгелік «ОППО» ұялы телефонын алдап алып кеткен. Күдікті жасөспірімнен телефонын қоңырау шалуға сұрап алып, белгісіз бағытта бой тасалаған. Одан кейін телефонды сатып жіберіп, түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр«, — деді департаменттен. Сонымен қатар ведомство мәліметінше, рейд барысында түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 2,5 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде отбасылық жанжал шығарған 37 азамат, міндетін орындамаған 12 ата-ана, кішігірім бұзақылық жасаған 216, тыныштық бұзған 283 адам бар. Қоғамдық орында ішімдік ішіп, мас күде жүрген 400-ге жуық адам жауапқа тартылды. Сонымен қатар көлік құралын мас күйде айдаған 28 жүргізуші ұсталды.

 ҚазАқпарат 

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия