
Қазақстандық боксшы Иван Дычко (8-0, 8 КО) кәсіби рингте өзінің 9-ші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.
Ол Холливудта (АҚШ, Флордиа штаты) Seminole Hard Rock Hotel and Casino ойын-сауық кешенінде өнер көрсетті. Ауыр салмақта 8 раундтқа есептелген жекпе-жекте қазақстандық боксшының қарсыласы америкалық Нэйт Хэвен (9-2, 7 КО) болды. Дычко қарсыласын екінші раундта нокаутқа жіберді. Осылайша, Иван кәсіби бокстағы өзінің 9-шы жеңісіне қол жеткізді және 9 кездесуді де нокаутпен аяқтады. Ал, Хэвен үшінші рет жеңіліс тапты.