jasqazaq.kz

«Итті көлікке байлап сүйреген». 72 жастағы жүргізуші әрекетін түсіндірді

23 желтоқсан 2020, 17:00

Екібастұзда итті көлікке байлап сүйреген 72 жастағы жүргізуші әрекетін түсіндірді. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.

Әлеуметтік желілерде видео жарияланған соң полиция қызметкерлері ондағы жүргізушінің кім екенін анықтауға кірісті.

«Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері жүргізушінің кім екенін анықтады. Ол Екібастұз қаласының 72 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адамның айтуынша, бұл күні Алабай итін мал дәрігерлік клиникаға апарған.
Ол егде жаста болуына байланысты итті көлік салонына отырғыза алмаған», — делінген хабарламада.

Осылайша, 72 жастағы ер адам итті көлігіне байлап «қыдыртқан».

Жануарларға қатыгездік көрсету дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 316-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктінің көлігі айып тұрағына қойылды. Ит иесіне берілді.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия