jasqazaq.kz

Иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап өлтірген

13 қараша 2019, 12:00

Тайваньда жантүршігерлік жағдай орын алды. Мемлекеттік Гаосюн қаласында иттер жаңа туған нәрестені тірідей талап, жеп қойған. Ата-анасы оны ен далаға лақтырып тастаған екен.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі International Business Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.   8 қазанда Тайваньда 19 жастағы қыз босанған. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін жас ана нәрестенің 28 жастағы әкесімен бірге велосипедке отырып, баланы айдалаға алып барыпты. Олар баланы пластик пакетке салып, далаға лақтырып, қашып кеткен.

Қыздың психикалық ауытқуы болған екен. Сондықтан ол әлеуметтік мәселелер бюросының бақылауында болған. Бюро қызметкерлері полицияға қыздың жоғалып кеткені туралы хабарлапты.

Тәртіп сақшылары қызды іздестіріп, оны интернет-кафелердің бірінен тапты. Анықталғандай, ол жігітімен бірге туыстарынан және полицейлерден жасырынып, сол жерде бір ай тұрған.

Жас ана перзентін туылған күні-ақ лақтырып тастағанын айтыпты. Оның мұндай жауабынан кейін полицейлер ата-анасы баланы тастап кеткен жерге аттанған. Алайда тәртіп сақшылары шөптің арасында жатқан нәрестенің сүйектерін тапты.

Полиция мәліметінше, нәрестені жабаы иттер тірідей жеп қойған. Жаңа туған перзентін лақтырып тастаған қатыгез ата-ананың қандай жазаға тартылуы мүмкін екені хабарланбады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда