
Атағы жер жарған «Феличита» әнінің орындаушысы Аль Бано Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болып, оған батасын берді.
NUR.KZ жазғандай, «Felicita (Феличита) әнімен күллі әлемді аузына қаратқан Al Bano. Жеке көріспесек те, бата беріп, қолдап жатқаныңызға үлкен рахмет, маэстро. Әлемдік аңызға айналған жұлдыз болсаңыз да, танытып отырған кішіпейілділігіңіз бәрімізге үлгі. Қазақстанға келіңіз», — деп жазған Димаш.
Әнші бата беру сәтінен видеоны желі парақшасында жария етті. Мұны көрген желі қолданушылары әншіге мақтаулары мен ақ тілектерін жаудыруда.