jasqazaq.kz

Италиялық мамандар коронавирустың вакцинасын тапты

07 мамыр 2020, 21:08

Италиялық мамандар қауіпті вирустың емін тапты. Олар дүниежүзін дүрліктірген дертке қарсы вакцинаны алдымен тышқандарға салып сынақтан өткізіп көрген. Нәтижесінде бұл антиденелер адам ағзасындағы қауіпті вирусты ауыздықтай алатыны анықталыпты. Алайда дайын болған екпе науқастарға күз кезінде салынады деп күтілуде. Сондықтан әлем халқы әлі де сақтық шарасын қатаң ұстанғаны дұрыс. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Дерт дендегелі жаһандық ғалымдар қауіпті індеттің емін іздеуге кіріскен болатын. Алайда ұзақ уақытты қажет ететін тәжірибе жүргізу барысында ковид-19 әлем бойынша 3 жарым миллионнан аса адамға жұғып үлгерді. Бүгін италиялық мамандар вирусқа қарсы вакцинаны тапқанын айтып сүйінші сұрап отыр. Оны ең алдымен тышқан арқылы тексеріп көрген. Сөйтіп, сәтті шыққан сынаманың көрінбейтін кеселге қарсы тұра алатыны белгілі болыпты. Алайда бұл екпе қолданысқа күз айына енгізілетіндіктен, көпшілік әлі де өзін-өзі оқшауда ұстап, тексерістен жиі өтіп тұрғаны абзал. Осы орайда испаниялықтарға да жұмыстарын қайта жалғастырмас бұрын антиденені анықтауға сынамадан өту тапсырылыпты.

Хайме Руис, риэлтор:

— Біз уақытымыздың көбін сыртта, адамдармен іскерлік кездесу жүргізумен өткіземіз. Оларға да қауіп келтірмей, ешқандай да аурудың жоғына көз жеткізуге бір рет емес, бірнеше рет тексерістен өтуіміз керек.

Мұнда да үкімет жоспарына сәйкес, 11 мамырдан бастап шағын бизнес өз жұмысын бастайды деп күтілуде. Ал ірі кәсіп иелері біршама уақыт әлі де тоса тұруына тура келеді. Десе де жақсы жаңалықтан үміттенген олар ақырындап дайындық жұмыстарын бастап кетіпті.

Хавьер Кастеллано, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

— Біздің штаттағы және штаттан тыс барлық қызметкерлеріміз сынамадан өтіп жатыр. Осы аптада кеңседегі сақтық шараларын қатаң түрде қолға аламыз. Егер билік жұмысты қайта жалғастыруға мүмкіндік берсе, кез келген уақытта дайын тұруымыз керек.

АҚШ-тың ауруды бақылау және алдын алу орталығы Орталық Азия елдеріндегі халықты жаппай коронавирус тестінен өтуге шақырды. Айтуларынша, жұртшылықтың біз мезетте сынама тапсыруы аурудың қаншалықты кең тарағанын, сонымен бірге індет ошақтарын оңай анықтауға болатынын айтады. Айта кетейік, қазір әлем бойынша қауіпті індетті жұқтырғандар саны 4 миллионға жуықтады. Ал оның 266 мыңы осы дерттен көз жұмса, 1 жарым миллионға жуығы құлан-таза сауығып шықты.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде