jasqazaq.kz

Италиядағы қазақстандықтар елге Ресей ұшақтарымен қайта алады

15 наурыз 2020, 11:26

Италия өзге елдермен әуе қатынасын уақытша тоқтатты. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасынан мәлім болды.Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі қазіргі уақытта коронавирус эпидемиясының салдарынан Италиядағы төтенше жағдайға байланысты Италия мен әлемнің басқа елдері арасындағы әуе қатынасы уақытша тоқтатылғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясы Мәскеу қаласында қайта отырғызу арқылы Римнен Қазақстанға жолаушылар рейстерін жүзеге асырып жатқандығын назарларыңызға саламыз.

Сонымен бірге, үстіміздегі жылғы 11 наурыздан бастап «Аэрофлот» әуе компаниясы Италияның қалаларына ұшу бағдарламасын өзгертіп жатқандығын хабарлаймыз. Ақпараттың жаңаруын компанияның ресми сайтынан тексеріп тұруларыңызды сұраймыз»,-делінген хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде