jasqazaq.kz

Италияда жүргізуші мектеп автобусын өртеп жіберді

21 наурыз 2019, 10:39

Миланның төңірегінде жүргізуші ішінде 50-ден астам оқушы отырған автобусты айдап әкетті. Ол сол автобуспен бірнеше полиция көлігін соғып өтіп, сосын ішіндегі балалармен қоса өртеп жіберген.

Оған дейін іштегі кей балаларды байлап тастаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап. Италия полициясының мәліметінше, автобусты өртер алдында жүргізуші балаларға «Ешкім тірі қалмайды» деген. Алайда, шын мәнінде ешкім өлген жоқ, балалар автобустың артқы терезесі арқылы сыртқа шығып үлгерді. Терезені автобустың соңынан қуып жеткен полицейлер сындырған болатын. Полиция мәліметінше, оқиға салдарынан 14 адам түтіннен уланған, дегенмен олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. «Бұл нағыз ғажайып. Әйтпесе бір адам да аман қалмай, нағыз трагедия болар еді», — деді Миланның бас прокуроры Франческо Греко. Жүргізуші тұтқындалды. Ол — Сенегалда туып-өскен 47 жастағы Италия азаматы екен. Автобуста балалармен бірге болған мұғалімнің сөзінше, жүргізуші Италияның көші-қон саясатына көңілі толмайтынын бірнеше рет айтқан. Кей БАҚ өкілдері жүргізуші «Жерорта теңізіндегі адам өліміне тосқауыл қоюды» талап еткенін жазды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде