
Сицилияның оңтүстігіндегі Иуссомели қаласының жергілікті билігі жүздеген ескі үйді сатылымға шығарды, олардың әрқайсысы 1 еуро тұрады (427 теңге).
Аталмыш дүние түк-те түс емес екен. Бұл — Италияның Сицилия аралдарының жергілікті басшылығы шығарған үкім. Алайда сатып алушы бір жыл ішінде алған ғимаратына жөндеу жұмыстарны жасап үлгеру шарт делінген хабарламада. Аталмыш жағдайы төмен ғимараттар саны — 200. Үйді сатып алатын болашақ қожайындарына бір жыл ішінде күрделі жөндеу жүргізу шарты қойылған. Яғни бір шаршы метріне жоқ дегенде 95 еуро жұмсаулары керек. Өйтпеген жағдайда үй есі 7 мың еуро көлеміндегі кепілдік депозитінен айырылады. Жергілікті билік сәулетшілер мен инженерлерге көмек беруге дайын екендерін мәлімдеді. Сондай-ақ, жақын арада осындай тағы 400 ұсыныс болуы мүмкін.