jasqazaq.kz

Италияда үйлер 1 еуродан сатылып жатыр

18 қантар 2021, 14:00

Сицилияда орналасқан Троина қаласының билігі қараусыз қалған үйлерді 1 еуродан сатылымға шығарды. Осылайша олар қалаға жаңа тұрығындарды тартпақ.

Бұл туралы baq.kz хабарлайды.

Троина қаласының мэрі Себастьяно Фабио Венеция қараусыз қалып, қираудың алдында тұрған үйлерді сату үшін онлайн агенттіктерге жүгінгенін айтқан.

Қаңтар айының соңына дейін жергілікті билік 30 үйді 1 еуродан сатпақ. Алдағы уақытта олардың қатары тағы 100 үймен толыспақ, ол үшін бұрынғы қожайындары үйді биліктің қарамағына тапсыруы керек.

Дегенмен, бұл бағдарламаның өз шарты бар. Сатып алушылар 1 еуродан бөлек 5 мың еуро көлемінде кепілдік беріп, үйге жөндеу жұмысын жүргізеді. Ол үшін сатып алушыға үш жыл уақыт береді. Үйге жөндеу жұмысы жасалып біткен соң кепілдеме қайтарылады. Оның үстіне жергілікті билік жөндеу жұмысының жарты шығынын өз мойындарына алуға әзір.

Ақпарат көзі: BAQ.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия