jasqazaq.kz

Италияда вирустың таралуы бәсеңдей бастады

03 сәуiр 2020, 16:50

Соңғы екі аптада Еуропа бойынша Италияда коронавирустың таралуы жылдам өршіп жатыр. Италия халқы пандемияның шарықтау шегін күтуде. Себебі одан кейін жадай оңалады деген үміт бар, деп жазады Le Figaro.

«Италияда жалпыұлттық карантин жарияланғаннан кейін 20 күн өткен соң Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Италияда коронавирус пандемиясы 7-10 күннен кейін шарықтау шегіне жетеді деп мәлімдеді. Ал Денсаулық институтының директоры Сильвио Брусаферроның айтуынша, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны азаймағанымен, вирустың бәсеңдеуі байқалады. Дегенмен, бұл жағдайды сақтап қалу үшін карантин мен оқшаулану тәртібін бәсеңдетіп алмау керек» деп жазады басылым. Мамандардың айтуынша, Италияда 19-29 наурыз аралығында күніне 5-6 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталып отырса, 30-31 наурызда бұл көрсеткіш күніне 4-5 мың адамды құрады. «Ломбардиядағы инфекция ошағы саналатын Кодого мен Бергамода, яғни, алғашқы инфекция ошағында жедел жәрдем көмегіне жүгіну екі есе азайды. Мамандардың айтуынша, қабылданған шешімдер 38 мың адамның өлімінің алдын алған» деп жазады автор.

inform.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде