jasqazaq.kz

Италияда вирус жұқтырғандар саны 10 мың адамнан асты

11 наурыз 2020, 10:32

Италияның Азаматтық қорғау ұлттық қызметінің басшысы Анджело Боррелли елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 10 мың адамнан асты деп мәлімдеді. Бұл туралы ANSA агенттігіне сілттеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Боррелли коронавирустан көз жұмғандар саны 631 адамға жеткен. Бұл дүйсенбі күнгімен салыстырғанда 168 адамға көп.

«8 514 адам қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған, 1004 адам сауығып шыққан», деді ол.

Борреллидің айтуынша, коронавирус жұқтырған 877 пациент жансақтау бөлімінде жатыр. Қайтыс болғандардың 45%-ы – 80-89 жас аралығындағы адамдар, 32%-ы – 70 жас шамасындағы, 14%-ы – 90 жастан асқан, 8%-ы – 60 жастағы, 2%-ы – 50-59 жас аралығындағы адамдар. Үкімет өткен жылдың соңында Қытайдың Ухань қаласында алғаш рет табылған жаңа вирустың таралуын тоқтату үшін қатаң шаралар қабылдады.

Италия тұрғындарына қажетсіз сапарлардан бас тартуға және шұғыл қажеттілік болмаса, мүмкіндігінше үйлерінен шықпауға кеңес беріледі.

Сондай-ақ, Боррели оппозициялық лиганың көшбасшысы Маттео Сальвинидің «барлығын жабу» туралы үндеуінен кейін шараларды қатайту мүмкіндігін жоққа шығармады.

«Менің ойымша, бұл мәселе толығымен қарастырылып, зерттелуі керек», — деді Боррелли баспасөз мәслихатында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия