jasqazaq.kz

Италияда коронавирустан қайтыс болғандар саны Қытайдан асып кетті

20 наурыз 2020, 11:19

Италияда коронавирустан көз жұмғандар саны Қытайдан да асып кетті.Бұл туралы Euronews агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Соңғы тәулікте Италияда аталмыш дерттен 427 адам қайтыс болған. Сөйтіп ауру өршігеннен бері елде көз жұмғандар саны 3405 болды. Бұл Қытайда қаза тапқандар санынан 150 адамға көп. Жалпы алғанда, Италияда 41 мың адам вирус жұқтырған. Соңғы 24 сағат ішінде 5322 адамнан вирус табылған.

Қытай сарапшы дәрігерлерінің сөзінше, Италия билігінің COVID-19 індетімен күреске жұмсаған күш-жігері жеткіліксіз.

«Меніңше, Миланда қатаң карантин шаралары да көмектеспей жатыр. Қоғамдық көлік әлі жұмыс істеп тұр, халық қалада емін-еркін жүр. Қонақ үйде түрлі кештер ұйымдастырылады. Сосын сіздер маска кимейсіздер», — дейді Қытайдағы Қызыл жарты ай ұйымының өкілі Сунь Шуопэн.

Италия халқы екі аптадан бері оқшауланып өмір сүріп жатыр. Бастапқыда карантин 3 сәуірге дейін деп жоспарланған. Дегенмен ол әлі ұзартылады. Оның үстіне, үкімет тағы да қосымша шаралар енгізуге ниетті. Атап айтқанда, халықтың таза ауада жүріп-тұруына шектеу қойылады.

Сонымен қатар, азық-түлік дүкендерінің демалыс күндердегі жұмыс уақыты қысқармақ. Мемлекеттік органдардың көбісі қашықтан жұмыс істеуге көшіп жатыр. Жұмыс істеп тұрған банктер мен пошталарда қызметкерлер саны азаюда.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде