jasqazaq.kz

Италияда коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсті

23 ақпан 2020, 14:00

Италияда коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар саны 79-ға жетті. Соңғы екі күнде науқастар саны күрт өскен.Бұл туралы РИА Новости елдің азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы Анджело Борреллиге сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Оның айтуынша, коронавирус Италияның бес өңірінде анықталған. Елдің солтүстігіндегі Ломбардия қаласында 54 адам ауру жұқтырған.

«Тағы 17 жағдай Ломбардиямен шекаралас Венето облысында, екі жағдай — Эмилии-Романьеде, тағы екеуі Рим маңайындағы Лациода (бұлар қытайлық туристер) және тағы біреуі Пьемонтте», — деді Борелли министрлер кеңесінің шұғыл отырысының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, 51 адам ауруханаға түскен, оның 18-і интенсивті терапия бөлімінде жатыр, тағы 11 адам — өз үйінде оқшауланған, олардан коронавирустың жаңа түрінің симптомдары анықталмаған.

21 ақпанда, жұмада Италияның Падуя қаласында COVID-19 вирусынан бір адам қайтыс болды. Жергілікті ауруханада 78 жастағы ер адам қайтыс болған, оның тыныс алуы тарылған. Ол ақпанның басында Қытайдан келген досымен тамақ ішкені анықталды.

Сенбіде, Ломбардия облысының Кодоньо қаласындағы ауруханада пневмониядан жергілікті тұрғын 77 жастағы әйел қайтыс болғаны айтылды.

Euronews мәліметінше, 15 мың тұрғыны бар қалашықта тұрғындарға сыртқа шықпауға, балаларды мектепке жібермеу және шіркеуге бармау ұсынылған.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия