jasqazaq.kz

Италия кубогының финалы: «Ювентус» «Наполидан» жеңіліп қалды (видео)

18 маусым 2020, 11:06

Бүгін футболдан Италия кубогының финалы өтті. Осылайша аталған елде доп додасы қайта жалғасты.

Финалдық ойында Неапольдің «Наполи» және Туриннің «Ювентус» командалары өзара шеберлік байқасты. Жеңімпаз пенальти тебу арқылы анықталды.

Бұл жолы «Наполи 4:2 есебімен ұтты. Осылайша, команда өз тарихында алтыншы мәрте кубокты төбесіне көтерді. Ал «Ювентус» бұдан бұрын 13 мәрте кубок иегері атанған еді. Енді, Италияда 20 маусымда А сериясындағы 27-тур ойындары басталады. Ол 23 маусымға дейін өткізіледі. Ойындар жанкүйерсіз болады.

Чемпионат 2 тамызда мәресіне жетеді деп жоспарланып отыр. Қазір турнир кестесінде 26 ойыннан кейін 63 ұпаймен «Ювентус» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Лационың» — 62, «Интердің» 52 ұпайы бар.

Қазірге дейін Англия, Германия, Испания чемпионаттары қайта жалғасты. Ал Францияда доп додасы бітпестен «Пари Сен-Жермен» чемпион болып шешілді.

https://www.youtube.com/watch?v=ma-ZTpvMBSo

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия