jasqazaq.kz

Италия карантинге жабылды

10 наурыз 2020, 14:45

Италия билігі бүкіл елде коронавирусқа байланысты карантин жариялады. Бұл туралы мемлекеттің премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді. 

Аппенин түбегінде тек маңызды себептермен жүруге ғана рұқсат берілген. Бұған қоса елде жаппай адамдар жиналатын іс-шараларға тыйым салынып, барлық оқу орындары, тау-шаңғы курортары, клуьтар мен сұлулық салондары жабылған.   Қазіргі таңда Италияда 9 мыңнан астам адам жұқпалы індетке тап болған. Ал жалпы Еуропа мемлеткеттерінде бұл көрсеткіш 15 мыңды құрап отыр. 520 адам көз жұмған.

Қазіргі таңда Италияда түрмеде отырған азаматтар шу шығара бастапты. Олар өздеріне ауру жұғады деп қорғып, биліктен амнистия талап етіп отырған көрінеді. Сотталғандардың наразылықтарын олардың туыстары да қолдап отыр: қылмыскерлердің жақындары жаппай түрменің алдына шеруге шығуда.

Бүгінгі күні инфекцияның таралуына байланысты бірқатар елдерде сақтық шаралары күшейтіліпті. Израиль бұл тұста басқаларынан асып түскен: ел билігі сырттан келушілердің барлығын дерлік карантинге жауып жатыр екен.

«Біраз ақылдасып барып, біз Израильге келгендердің барлығын екі апталық карантинге жабуды жөн көріп отырмыз. Бұл өте күрделі шешім екені рас, десек те аталмыш шара еліміздің азаматтарының денсаулығын қорғау үшін жасалып отыр. Біз үшін бұл алдыңғы қатардағы мәселе», — деп мәлімдеді Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху.   Шенеунік карантинге жабу тек 14 күнге жүзеге асырылатындығын атап өтті. Ал карантинге жатудан бас тартқандарды қылмыстық жауапкершілік күтіп тұр екен.

 Stan.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия