jasqazaq.kz

Ит талап өлтірген баланың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

17 тамыз 2022, 10:29

Ақтөбеде 12 жастағы баланы ит талап өлтіргені сот-медициналық сараптама қорытындысымен дәлелденген. Полиция қайғылы оқиғада қылмыстық құрамның болмауына байланысты істі тоқтатты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«2022 жылы 9 маусым күні сағат 23:52-де «Есет батыр» тұрғын үй алабының үшінші ықшам ауданындағы құрылыс нысанында 2010 жылы туған баланың денесі табылды. Бала көп қан жоғалтқан, бас, дене, аяқ-қолы жарақаттанған. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде баланың өлімі иттердің талағанынан болғандығы анықталды. Қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды», — деді Ақтөбе облысы ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

Еске салсақ, оқиға болған күні облыстық полиция департаменті кәмелет жасқа толмаған баланың көп қан жоғалту, бастың, дененің, қол мен аяқтың көптеген жарақаттары түріндегі зорлықпен өлу белгілері бар денесі табылғанын хабарлады. Кейін ит талап өлтірген оқушының ата-анасы, жақындары иттің иесін тауып, жазалауды сұрады. Ал, облыс әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов баспасөз мәслихатында қараусыз ит пен мысықтың көзін жою бағытындағы жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, жағдайдың қиын болып тұрғанын айтты. Ит саны көбеймесе, азаймаған. Ол осы жұмысты атқара алмадың десе, қызметінен кетуге әзір екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, биыл облыста ит аулау жұмыстарына 51 млн теңге бөлінген.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр