jasqazaq.kz

Істі болған Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылды

10 наурыз 2022, 11:01

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында істі болған Мейрам Жанғұттиновты ҚР Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату туралы шешім қабылданды.

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шиптің айтуынша, соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеніне байланысты М. Жанғұттиновты Жоғарғы сот судьясы лауазымынан босату ұсынынымы енгізіліп отыр. Палата депутаттары аталған ұсынысқа қатысты шешім қабылдап, М. Жанғұттиновты қызметінен босатты. Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айында ҚР Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы Мейрам Жанғұттинов сот шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Елордалық соттың хабарлауынша, М. Жанғұттинов жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлға бола отырып (ҚР Жоғарғы сотының судьясы, бүгінде өкілеттігі тоқтатылды), пара алу желеуімен Тұрғынбаевадан (Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының судьясы, өкілеттігі тоқтатылды) делдал Абдусаттаров арқылы 7 мың АҚШ доллары сомасындағы қаражатты иемденуге тырысты. Жоғарғы соттың экс-судьясы М. Жанғұттинов ақша алу кезінде ұсталған.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде