jasqazaq.kz

Исландияда 6 мың жыл бойы қозғалыссыз жатқан жанартау оянды

21 наурыз 2021, 10:17

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде 6 мың жыл бойы қозғалыссыз болған Фаградальсфьядль жанартауы атқылай бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Исландияның метеорологиялық басқармасының мәліметінше, лава оңтүстік-батыс және батысқа қарай баяу ағып келеді. Оның Гриндавика тұрғындарына немесе аса маңызды инфрақұрылым үшін тікелей қаупі жоқ. Дегенмен, метеорологтар халықты лай көшкіндері жөнінде ескертуде.

«Ауаның жанартау газымен ластануы болжанады. Адамдарға терезелерді жабу, үйден шықпау және ешбір жағдайда жанартау маңына бармау кеңес етілуде. Қазіргі уақытта атмосфералық ауаның ластану деңгейі бағалануда. Жағалау күзетінің тікұшағы аумақты зерделеу үшін жіберілді. Оның бортынан алғашқы фотолар жасалды. Олардан жанартау атқылағаннан кейін лаваның төмен сырғып бара жатқанын көруге болады. Алғашқы мәліметтер бойынша, жанартау жарығының ұзындығы – 500 метр», — деп жазады ВВС.

Рейтерстің хабарлауынша, соңғы төрт аптада бұл аумақта 40 мыңнан астам әлсіз жер сілкінісі тіркелді. Бұл – көп. Өйткені 2014 жылдан бері жыл сайын 1 — 3 мың жерасты дүмпуі тіркеліп келеді. Фаградальсфьядль – Исландияның оңтүстік-батысында Рейкьянес түбегінің орталығында орналасқан жанартау тауы. Оның биіктігі — теңіз деңгейінен 385 метр. Айналасында тұратын халық саны аз. Рейкьянес түбегінде жанартау соңғы рет 800 жыл бұрын, ал Фаградальсфьядль жанартауы 6 мыңға жуық жыл бұрын атқылаған.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия