
Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан SofaScore сайтының нұсқасы бойынша аптаның үздік ойыншысы атанды.
Футболшы аптаның үздік 11 ойыншысы қатарына кірді.
Қазақстандық шабуылшы 10 балдық көрсеткіштен ең жоғарғы нәтиже көрсетті.
Исламхан осы көрсеткіші арқылы Серхио Рамос пен Килиан Мбаппе сынды әлем жұлдыздарын басып озды.
Сондай-ақ, үздіктер қатарына Қазақстанның тағы ойыншысы Ғафуржан Сүйімбаев та ілінді. Оның көрсеткіші 9,2 балды құрады.
Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы ойында Исламхан мен Сүйімбаев жасыл алаңда ерекше көзге түсті. Екі футболшы да бір-бір голдан соғып, бір нәтижелі пас берді.