
Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовтың қызын Гүлнара Кәрімованы прокуратура қызметкерлері ұстады.
«Кешкі 19:00 шамасында прокуратура қызметкерлері Ташкенттегі үйіме баса-көктеп кірді. Олардың біреуі «басшылық» атынан анамды қорқытып, кейін бірнеше минуттардан соң басқа қызметкерлермен кіріп, анамды белгісіз бағытта алып кетті», — деді Гүлнара Кәрімованың қызы Иман Кәрімова.
Оның бостандығын шектеу жазасын жалпы режимдегі колонияға қамап, бостандығынан айыруға ауыстырды. Билік өкілдері мұны Гүлнараның бұған дейінгі сот үкімін: жазаны өтеу тәртібі мен талаптарын бұзғаны үшін жасап отыр. 2017 жылдың желтоқсанында Гүлнара Кәрімоваға 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы жаза кесілген. Бірақ жарты жылдан кейін оның жазасы 5 жылға бостандығын шектеу болып өзгертілді. Дегенмен Гүлнара заң өкілдерінің талаптарына: үйінен ешқайда шықпау, байланыс құралдарын пайдаланбау дегенге құлақ аспай, заңды бұзды.