jasqazaq.kz

Ислам Әбішевке сот үкімі шықты

18 ақпан 2020, 22:24

Жемқорлық ісіне соңғы нүкте қойылды. Бүгін елорда соты Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевті бес жылға түрмеге тоғытуға үкім кесті. Сондай-ақ, экс-шенеунікпен бірге оның сыбайласы – Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бұрынғы вице-президенті де төрт жылға абақтыға қамалды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Пайғамбар жасынан асқан Ислам Әбішев пен Серік Төкеев қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтейтін болады. Және олардың белгілі бір лауазымда жұмыс жасауына тыйым салынады. Әбішевтің қолына былтыр наурыз айында кісен салынған. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Экс-шенеунік Солтүстік Қазақстандағы «Соколов» су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тартуға әлдебір компанияға «тендер ұтып берген» дейді тергеушілер. Бұл қызметіне 60 миллион теңге ауызбастырық алған көрінеді. Бірақ, параны тікелей емес, бүгін бірге сотталған Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан. Нұр-Сұлтан қалалық сотында өткен бүгінге сот отырысына журналистер қатысқанымен, бейнекамераға түсіруге рұқсат берілген жоқ.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия