jasqazaq.kz

«Іскер қала» жобасы тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандырды

14 қазан 2022, 11:06

Шымкент қаласында тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жандануда. Бұл туралы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Т.Дербіс брифинг барысында мәлімдеді.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында республикада алғаш рет әкімдік тарапынан «Іскер қала» өңірлік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Өңірлік бағдарламаның негізгі бағыттарымен ерекшеліктері шағын орта бизнесті жеңілдетілген несиелер беру және тоқтап тұрған кәсіпорындарды жандандыру.

«Тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдарын шағын кәсіпорындармен толтыру арқылы шағын бизнестің жаңа жобалары жүзеге асырылады, нәтижесінде бірнеше тоқтап тұрған кәсіпорындардың өндірістік алаңдары жанданады. Аталған бағдарлама аясында жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін 1%-бен 10 млн. теңгеге дейін, өндірістік алаңдарының қатысушыларына жылдық 2%-бен 50 млн. теңгеге дейін жеңілдікпен несиелер ұсыну. Бүгінгі таңда, жыл басынан 333 млн. теңгеге 37 жобаға жеңілдетілген несиелер берілді», — деді спикер.

«Іскер қала» өңірлік бағдарламасы шеңберінде қаламызда бірнеше жылдар бойы тоқтап тұрған ірі кәсіпорын «Трубмашхолдинг» ЖШС-нің базасында 2022 жылы алғашқы өндірістік парк ретінде «Silkway Alliance» алаңы пилоттық жоба ретінде іске асырылды. Қазіргі таңда инфрақұрылымымен толық жабдықталған, бірақ жұмысы тоқтап тұрған «Қайнар май» ЖШС ірі кәсіпорынының базасында тағы да жаңа өндірістік парктің дайындық жұмыстары жүргізілуде. Жалпы аумағы 4,3 га, ал, өндірістік алаңы 10 мың 500 шаршы метр құрайтын өндірістік паркте 48 шағын кәсіпорынның жұмысын іске асыру жоспарлануда.

Сонымен қатар, қаламыздағы бұрынғы қорғасын зауытының аумағында шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында республикада алғашқы болып «Standard» жеке индустриялық аймағының құрылысы жоспарлануда. Іске асыру мерзімі 2022-2023 жылдарға жоспарланған.

Тоқтар Жақаш

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр