jasqazaq.kz

Іштегі сәби анасының жатырын жыртты

12 қазан 2017, 13:04

Ішіндегі сәбиі жатырынан қатты теуіп жіберген әйел өлім үстінде жатыр. Сәби анасының жатырына үлкен зақым келтірген болуы мүмкін.

Бұл туралы The Daily Mail басылымына сілтеме жасап, stan.kz  хабарлады.

Қытайда ішіндегі сәбиі анасын теуіп өлтіріп қоя жаздады. Чжан ханымның айтуынша, ішіндегі сәбиі, тіпті, оның жатырын зақымдаған болуы мүмкін. Осы оқиғадан кейін әйелге шұғыл ота қажет болған екен. Сәби кесаревоның көмегімен 35-аптада туды. Пекин университетінің ауруханасында жатқан әйелдің қазіргі денсаулығы жақсы. Құжатта әйелдің 2 қазан күні сағат 10:00 шамасында ауруханаға түскені жазылған.

Чжан ханым, бастапқыда асқазаны ауырған болар деп ойлаған. Алайда дәрігерлер жатырдан шығып тұрған бір аяқты көріп қатты таңқалған. Мұнымен қатар, Чжан ханымға 2016 жылы ота жасалған екен. Сол уақытта дәрігерлер оның жатырынан ісік тапқан.
Дәрігерлер Чжан ханымның денсаулығына үлкен қауіп төніп тұрғанын анықтап, оған бірден ота жасауға кіріскен. Себебі, олар оның жатырының 7 сантиметрдей жері жыртылғанын анықтаған. Пекин университетінің дәрігерлері ота туралы бұдан өзге ақпарат беруден бас тартқан.
“Әдетте әйел адамның фибрасына ота жасалған соң, ол екі жылға дейін бала көтермеуі тиіс. Тіпті, екі жылдан кейін де толықтай тексеруден өтіп барып қана жүкті болулары керек”, – дейді дәрігер Чжун.
Дәл осындай жағдайға тап болған 33 жастағы әйел кесаревоның көмегімен дені сау баланы дүниеге әкелген. Маман Пьер Эммануэл Боует мұндай оқиғаны алғаш көргенін айтады.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық