jasqazaq.kz

Ішкі істер министрлігі 450 полицейді босатады

08 қантар 2019, 19:01

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменов алдағы уақытта ведомствода болатын реформа туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ішкі істер органдарында орын алатын реформа туралы атап өткім келеді. Өздеріңіз білесіздер, осы бағытта тиісті жол картасы әзірленді. Осы картада негізгі 9 бағыт айқындалды. Біріншіден, ішкі істер органдарының ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын оңтайландыру ескерілген. Осы орайда артық басқарушылық буындарды тарату мен штаттық санды 10 пайызға қысқарту қарастырылған», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында. Оның сөзіне қарағанда, 450 басқарушылық лауазымдар қысқарады деп күтілуде. «Екіншіден, ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мен әлеуметтік қорғауды жақсарту жоспарланып отыр. Бұл шаралар қызметкерлерді қысқарту кезінде үнемделген 16 млрд теңге мен қосымша бюджеттік қаржы есебінен жүзеге асырылады», — деді Ж. Сүлейменов. Мұнымен қоса ол қай бөлімшелерге еңбекақы қаншалықты өсетінін айтып берді. «Патрульдік полиция қызметкерлеріне 65 пайызға, жедел-тергеу бөлімшелері қызметкерлеріне 55 пайызға, учаскелік инспекторларға 25 пайызға, сондай-ақ басқа да қызметкерлерге 20 пайызға көтеру ескерілген. Баспана мәселесін шешу үшін өтемақы төленетін лауазымдардың тізбесін кеңейту ұсынылуда», — деді Жанат Сүлейменов.

Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер