jasqazaq.kz

Ішкі істер министрлігі 100-ге жуық әкімге ескерту жасады

14 наурыз 2019, 14:12

ҚР Ішкі істер министрлігі бірнеше 100-ге жуық елді мекеннің әкімдеріне ескерту жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат xабарлады.

Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, бүгінде республика бойынша су басу қаупі бар 505 елді мекен анықталды. Аталған мекендер Алматы (75), Шығыс Қазақстан (76), Батыс Қазақстан (72), Ақмола (46), Ақтөбе (35), Қарағанды (33), Қызылорда (31), Қостанай (52), Павлодар (14) және Солтүстік Қазақстан (18) облыстарында орналасқан. «Біз ол елді мекендерді алдын ала анықтаған болатынбыз. Аарнайы жол картасына сәйкес жергілікті атқарушы органдар дайындық жұмыстарын жүргізуге міндетті. Бірақ кейбір өңірлерде дайындық шаралары ойдағыдай атқарылмайды. Мәселен, Ішкі істер министрлігінің жергілікті құрылымдары елді мекендердің 88 әкіміне ескерту жазып берді. Ондай ауылдар Қарағанды, Ақмола, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай мен Ақтөбе облыстарында орналасқан. Бұның бәрі жергілікті әкімдердің көктемгі су тасқынының алдын алу шараларына немқұрайлы қарап отырғанын көрсетеді», — деп атап крсетті Ю.Ильин.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде