jasqazaq.kz

Ішкі істер министрлігі 1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін бермейді

25 сәуiр 2019, 11:27

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап тіркеу-емтихан бөлімін жояды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұл бөлімнің функциялары Халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лардың барлығы қарайтын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беріледі.

Қазір арнайы ХҚКО-ларда көлікті тіркеу, құжаттарды рәсімдеу және автокөліктерге мемлекеттік нөмір алуға құжат қабылданып келеді. Ал полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесінен теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауда. Сондай-ақ олар азаматтар мен көлікті іздестіру базасынан тексереді, шектеулердің бар-жоғын және құжаттардың шынайылығын анықтайды.

1 шілдеден бастап жүргізуші куәлігін алушылардан теориялық және практикалық емтихандарды ХҚКО қызметкерлері қабылдайды.

«Көлік құралдарын тіркеуге қажетті құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты полицей салықтық, кедендік және басқа билік органдарының деректер базасынан қашықтан тексереді. Яғни жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу кезінде полиция азаматтармен де, мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен де байланыса алмайды», — деп жазылған ІІМ хабарламасында.

Құжаттарды тексеруге өтінімдерді бөлу полиция қызметкерлері арасында автоматты түрде жүргізіледі. Бұл адам факторын жояды.

Сонымен қатар, көлік құралдарын бастапқы тіркеу кезінде тексеру процедурасынан толықтай бас тарту жоспарланып отыр.

Арнайы ХҚКО жоқ қалаларда тіркеу-емтихан бөлімінің міндетін қарапайым ХҚКО-лар атқарады.

sputnik

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда