jasqazaq.kz

Ішкі істер министрі түрмедегі оқиғаны «масқара жағдай» деп мәлімдеді

31 шiлде 2019, 10:57

Қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқара жағдай! Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы облысындағы Заречный түрмесінде сотталғандарды азаптаған атышулы оқиғаны осылай бағалады. Оның айтуынша, түрме ішінде түсірілген 40 бейнежазба мен аудиофайл жіті тексерілген. Министр темір тордың ар жағында қызметкерлердің сотталғандарды қинап, құзыретін асыра пайдаланғанын мойындады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ерлан Тұрғымбаев, Ішкі істер министрі:

— Кеше жедел шаралардың нәтижесінде сол колонияның 5 қызметкері ұсталды. Екі қылмыстық іс қозғалды. Ұсталғандардың біреуі түрме бастығының орынбасары. Қылмыстық іс Алматы облыстық прокуратурасына берілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Аталмыш оқиға біздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі масқара жағдай.

ЛА-155/8 түзеу мекемесінде сотталғандарды шырқаратып азаптаған оқиғаның бейнежазбасы өткен аптада тараған болатын. Жасырын камераға түсірілген жазбаның бірінде абақтының спорт залында түрме қызметкерлерің жазасын өтеушіні еденге етпетімен жатқызып, күштеп қолын байлаған сәті түсірілген. Тіпті, көрші бөлмеде тағы бір сотталушының қолын қайырып, аяғын жерге тигізбей іліп тастаған. Сорақысы сол, қызметкердің біреуі тізесімен әбден қиналған сотталушынының басын соққылайды. Шулы оқиғадан соң түрменің жеті қызметкері жұмыстан босатылды. Қызметімен қош айтысқандардың арасында түрме бастығы және оның екі орынбасары бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде