jasqazaq.kz

Ішкі істер министрі Түркістан облысында болған «17 азаматтың оқушы қызды зорлау» оқиғасына түсінік берді

03 қараша 2021, 12:12

ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысындағы сарыағаштық оқушы қызды 17 азаматтың зорлауына қатысты іске пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz.

«Сіздер ол қызды 17 ер адамның зорлағанына сенімдісіздер ме? Қыз бала бір күн бойы жоғалып кеткен. Жедел іс-шаралар барысында ол табылып, анасына қайтарылды. Ол күні ешқандай арыз-шағым түскен жоқ. Арыз тек бір күннен кейін ғана түскен. Кейін қыздың анасы нотариалды куәлік беріп, арыз жазудан бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін ғана әлеуметтік желілерде 17 ер адамның оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат пайда болады», – деді Тұрғымбаев мәжіліс алаңында журналистердің сауалдарына жауап беру сәтінде.

Ол сонымен қатар жаңа түскен шағымды полиция тіркеуге алғанына сендірді.

«Біз тексеруге міндеттіміз, жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық тексерулер жүргізілуде. Осы тексерудің нәтижелері бойынша шешім қабылданады», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысы Сарыағаш ауданында анасы қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға осы жылдың маусым айында болғанымен, тек қазір ғана жария етілген.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық