jasqazaq.kz

Ішіп алып полицеймен төбелесті (видео)

25 ақпан 2019, 14:00

Астана қалалық полиция департаменті құқық қорғау органдарының қатысуымен болған төбелестің видеосына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Департамент өкілдерінің мәліметінше, 24 ақпанда таңғы 6:20-да екі сержант көшеде ер адамдардың төбелесіп жатқанын байқаған. Қызметкерлер не жағдай болып жатқанын анықтау үшін ер адамдарға жақындаған. «Полицейлердің құқық бұзушылықты доғару туралы талабын елемеген ер адамдар агресив қылық танытып, белсенді физикалық қарсылық көрсеткен. Сонымен қатар, полицейдің кеудесінде тұрған бейне тіркеу құрылғысын бүлдірген», — деді полиция өкілдері. Оқиға орнына қосымша құқық қорғау органдары жеткен. Соңында мас күйде болған бес ер адамды ұстап, полицияға жеткізген. «Ұсталғандардың бірінің басынан тепкен тағлымгер полицейге қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр», — деді ПД өкілдері. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция мәліметінше, ұсталғандардың үшеуі бұрындары сотталған. Полиция қызметкерлеріне қарсылық көрсету деректері іс материалдарына тіркелген.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде